Елімізде 80 мың кәсіпкер тауарларын интернет арқылы сатады

9 Маусым 2023, 16:41
1037
Бөлісу:
Елімізде 80 мың кәсіпкер тауарларын интернет арқылы сатады
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Шілде айының 1-нен бастап интернет-сауда бөлігіндегі жаңа пилоттық жоба шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоба аясында сауда-интернет алаңдары сату туралы деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне, ал Комитет өз кезегінде барлық интернет алаңдардан деректерді жинап, деректерді кәсіпкерлерге қызмет көрсететін әріптес-банктерге береді.

Алынған деректер негізінде банк ай сайын салық сомасын есептейді және клиентке төлеу үшін пуш-хабарлама жібереді. Ал салық кезеңінің қорытындысы бойынша салық декларациясын толтырады.Бұл біріншіден, кезең ішінде салық сомасын бөліп төлеуге мүмкіндік береді, екіншіден, салық есептілігін тапсыруды жеңілдетеді, - деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов.

Аталаған пилоттық жобаларға қатысу тек ерікті түрде жүзеге асады.

Өзгелердің жаңалығы