Елімізде 70 пайызға жуық балабақша қазақ тілінде білім береді

21 Ақпан 2023, 13:02
1508
Бөлісу:
Елімізде 70 пайызға жуық балабақша қазақ тілінде білім береді
Фото: aikyn.kz

Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, еліміздегі балабақшаның 70 пайызға жуығы қазақ тілінде білім береді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.  

2022 жылдан бастап тәрбие-білім беру процесіне барлық жас топтарында қазақ тілін үйрену талаптары енгізілді. Қазақ тілін меңгеру мақсатында педагог күні бойы үлгілік бағдарламада айқындалған сөздік минимумын қолданады. Бұл тәрбиеленушілердің ауызша үйлесімді сөйлеуін дамытады. Сөздік қорын байытады, қазақ тілін, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруге ықпал етеді. Сондай-ақ қазақ халқының мәдениетін салт-дәстүрлерімен таныстырады, - деді ол орталық коммукациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте жастан дамытуға бағытталған тәрбие мен оқытуды дамыту моделін әзірледі.

Модель әр баланың жеке ерекшеліктері негізінде мектеп жасына дейінгі балаларда қалыптасуы қажет дағдыларды анықтайды. 
Ата-аналар қоғамын балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне жан-жақты тартуға көңіл бөлінеді, - деді спикер. 

Бұған дейін балабақша тәрбиешілері қалай іріктелетіні анықталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы