«Табысы аз болғаннан кейін қызығушылық төмен». Тәрбиеші мәселесі қалай шешіледі

21 Ақпан 2023, 12:39
1340
Бөлісу:
«Табысы аз болғаннан кейін қызығушылық төмен». Тәрбиеші мәселесі қалай шешіледі

Балабақша тәрбиешілері қалай іріктеледі? Бұл сұраққа ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда айлық табысы аз болғаннан кейін бұл мамандыққа қызғыушылық төмен екені бәріне мәлім. Бұл төменгі айлыққа жұмысқа келіп, келісімшартқа қол қойғаннан соң олардың балаға қол көтеруге адамгершілік тұрғыдан, моральдық тұрғыдан ешқандай құқығы жоқ. Өйткені кез келген болашақ ана балаға олай жасамайды. Сондықтанда  - мейірімді болу кез келген тәрбиешіні жұмысқа қабыданар кезде қойылатын талаптың біріншісі болмақ. Балабақша меңгерушісі алдымен осы қасиеттеріне мән беруі тиіс, - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ спикердің айтуынша, елімізде колледжбен университеттерді дуалды оқыту бағдарламасы бойынша бірқатар жоба іске асырылып жатқанын айтты.

Балабақшадағы қазіргі өзгерістерді  3-4 курстағы студенттерге тәжірибе жүзінде көрсетіп, оларды қызықтырып қалдыру мәселесі қолға алынып жатыр, - деді Адамова.

Манара Адамова тәрбиешілердің айлығы аз болса да кезең-кезеңімен көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар тәрбиешілер педагог мамандар секілді аттестациядан өту арқылы санаттарын көтере алатынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы