Елімізде 560 америкалық компания жұмыс істейді - СІМ

15 Желтоқсан 2021, 15:40
884
Бөлісу:
Елімізде 560 америкалық компания жұмыс істейді - СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның аралық шолу отырысында вице-министр елімізде қанша америкалық компания жұмыс істеп жатқанын айтты.

Америка Құрама Штаттары -Қазақстан экономикасындағы екінші ең ірі инвесторы. Қазақстанда америкалық капиталдың қатысуымен 560-тан астам компания табысты жұмыс істеуде, - деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, елордада өтіп жатқан КССК аясында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдары талқылануда.

Іс-шараның күн тәртібі жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық, климаттың өзгеруі, білім алмасу және т.б. кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастар, сондай-ақ гуманитарлық өлшемдегі ынтымақтастықты талқылауға ерекше назар аударылады, - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы