Елімізде 4 қазанда ауа райы қалай болады?

4 Қазан 2020, 07:15
1202
Бөлісу:
Елімізде 4 қазанда ауа райы қалай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 қазан күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, солтүстігінде және шығысында жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысында, Ақтобеде түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман болжанады. Күндіз кей жерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с артады. 

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерінде түнде 1 градус үсік күтіледі. 

Түркістан, Қызылорда, облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл кей жерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы