Елімізде 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жобасы әзірленіп жатыр

9 Маусым 2022, 17:40
1458
Бөлісу:
Елімізде 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жобасы әзірленіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясының жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда климаттық күн тәртібі жаһандық экономиканың орта және ұзақ мерзімді дамуында айқындаушы рөл атқарады. Осы орайда, Қазақстанның 2060 жылға қарай таза нөлдік шығарындыларға қол жеткізу және Париж келісімін жүзеге асыру және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі аймақтағы жетекші рөлін атап өткен жөн, - деді министр.

Қуантыровтың айтуына қарағанда, көміртегі бейтараптығына көшу Қазақстанның дамуы үшін екі жолмен қиындықтар туғызады: климаттың өзгеруінің зардаптарына ішкі бейімделу қажеттілігі, сондай-ақ сыртқы климаттық шектеулерге жауап беру қажеттілігі.

Қазіргі ауқымды өзгерістерді және барлық мүдделі тараптың көзқарасын ескере отырып, Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясының жобасы әзірленіп жатыр. Стратегия мемлекеттік жоспарлаудың маңызды тірек құжаты болады. Ол көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін қажетті дәйекті заңнамалық, реттеуші, саяси және экономикалық шараларды анықтайды, - деді ол.

Сонымен қатар Қуантыров атап өткендей, Үкімет пен бизнес қоғамдастық салалық саясаттың негізгі параметрлеріндегі өзгерістерді және соған байланысты экономикалық, технологиялық және әлеуметтік қайта құруларды ескере отырып, көміртегі бейтараптығы мақсаттарына кезең-кезеңімен қол жеткізу аспектілерін әзірлеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы