Елімізде 18-20 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады?

18 Желтоқсан 2020, 23:30
2723
Бөлісу:
Елімізде 18-20 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-20 желтоқсан күндері еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, дауыл, көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 19-20 желтоқсанда Атырау облысының кей жерінде тұман, 19 желтоқсанда көктайғақ болады. Атырау қаласында 19 желтоқсанда түнде тұман, көктайғақ күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы – 85-90%.

Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз кей жерде 15-20 м/с дейін жетеді. Дауылдың ықтималдылығы – 90-95%.

Маңғыстау облысының кей жернде көктайғақ, тұман түседі. Ақтау қаласында 19 желтоқсан түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Кей жерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады. Желдің күші – 15-20 м/с, күндіз 19 м/с, 20 желтоқсанда түнде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында 19-21 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады. 19 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы – 90-95%.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Орал қаласында 19 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі. Дауылдың ықтималдылығы – 85-90%.

Ақмола облысында кей жерде тұман, бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күші кей жерде 15-20 м/с дейін жетеді. Көкшетау қаласы 19 желтоқсанда таңертең және күндіз тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с дейін жетеді. Дауылдың ықтималдылығы – 85-90%.

Қарағанды облысында кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерінде күші 15-20 м/с дейін жетеді. Дауылдың ықтималдылығы – 70-75%.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерде бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерде күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында 19 желтоқсанда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы