Елімізде 102 медициналық мекемеде 5 мыңға жуық сенімсіз құрал анықталды

6 Ақпан 2023, 16:23
867
Бөлісу:
Елімізде 102 медициналық мекемеде 5 мыңға жуық сенімсіз құрал анықталды

Барлық өңір бойынша 102 медициналық мекемеде 4 643 сенімсіз өлшеу құралдары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев мәлімдеді.

Оның мәліметінше, комитеттің аумақтық департаменттері 2022 жылы мемлекеттік бақылаумен қамтылған барлық саны 2 156 тексеру іс-шарасын өткізді.

Нәтижелер бойынша 1 459 жағдайда бұзушылықтар анықталды, бұл 68%. Мысалы, барлық аймақ бойынша 102 медициналық мекемеде 4 643 сенімсіз өлшеу құралдары анықталды, - деп түсіндірді ол.

Сөзінше, сенімді емес құрылғылардың арасында пациенттердің өмірі мен денсаулығы дұрыс жұмыс істеуіне тікелей байланысты аппараттар бар екенін ескеру қажет. 

Өзгелердің жаңалығы