Елімізде 1 млн 27 мың адам ЖРВИ жұқтырған

9 Қараша 2022, 12:27
1121
Бөлісу:
Елімізде 1 млн 27 мың адам ЖРВИ жұқтырған

«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова еліміздегі ЖРВИ мен тұмау таралуы туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын қазаннан бастап сәуір айына дейінгі аралықта жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау жұқтыру маусымы болады. ДДСҰ дерегінше, алдағы эпидемиологиялық маусымда 3 штамм өзекті болмақ. Олар H1N1, H3N2 және B штамдары. Штамм емі 2022-2023 жылдарға арналаған вакцина құрамына енгізілген. Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау ауруларының мониторингі жыл сайын 1 қазаннан  30 сәуірге дейін жүргізіледі, - деді Марал Рақымжанова.

Оның атап өтуінше, 1 қазаннан бері республика бойынша 1 млн 27 мың адаммен ЖРВИ тіркелген.

Республикада сырқаттанушылық өткен жылдың деңгейінде. Тұмаудың 865 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 341 жағдай. Елімізде тұмаудан басқа оған ұқсас вирустар таралуда. Басқа вирустарға 2300-дей сынама тексерілді. Оның ішінде 341 сынамасы немесе 15 пайызында оң нәтиже анықталды. Олар риновирус, ресвирус, парагрипп, коронавирус, аденовирус, метапневмовирус бар, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Өзгелердің жаңалығы