Еліміз Түркияға кезекті көмекті жөнелтті

19 Ақпан 2023, 17:37
1058
Бөлісу:
Еліміз Түркияға кезекті көмекті жөнелтті

Түркияның зілзала болған аймағына Қазақстаннан 27 тонна гуманитарлық жүк тиеген кезекті ұшақ жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Зілзаладан зардап шеккендерге шатыр, жылытқыш, жылы киім және басқа да қажетті заттар жіберілді. Осы ұшақпен біздің құтқарушыларымыздың алғашқы легі елге қайтады. 

Сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен келген ұшақпен Алматыға 10 азамат, оның ішінде 7 Қазақстан азаматы, 3 Түркия азаматы Алматыға қайтарылады. 

Айта кеткен жөн, біздің құтқарушылар үйінділер астынан 8 адамды аман алып шықты. Сондай-ақ 88 адамның жансыз денесін де шығарды. Төтенше жағдайлар тобы Газиантеп қаласында 3 учаскеде және Нұрдағы қаласындағы 1 учаскеден жұмыс істеді. 

Құтқарушыларлың келесі легі бүгін оралады деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы