Еліміз сарапшысы Қытай дамуына қатысты баяндама жасады

23 Қазан 2021, 19:22
23584
Бөлісу:
Еліміз сарапшысы Қытай дамуына қатысты баяндама жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхай қаласында Қытайды зерттеу жөніндегі IX Дүниежүзілік форумның ашылуы өтті. «Қытай коммунистік партиясы (ҚКП), Қытай және әлем» тақырыбына арналған іс-шараға әлемнің 42 елінен және халықаралық ұйымдардан 200-ге жуық танымал ғалым қатысты.

Форумда кеңейтілген пленарлық отырыстың, бес панельдік сессияның жұмысы аясында шақырылған қонақтар, мемлекет қайраткерлері, сарапшылар, түрлі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері ҚКП-ның жүз жылдық дамуы, оның қазіргі Қытайдың қалыптасуындағы рөлі, сондай-ақ түрлі саяси, экономикалық, халықаралық өзекті проблемалардың әсері тұрғысынан Қытайдың болашақ дамуы мәселелерін талқылады.   

Ашылу салтанатында ҚКП ОК жұртшылықпен байланыс бөлімі басшысының орынбасары Цзян Цзяньго (Jiang Jianguo) құттықтау сөз сөйледі; онлайн байланыс арқылы форумға қатысушыларға Сербияның экс-президенті Борис Тадич (Boris Tadic) сөз сөйледі.

«Қытайдың 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық даму жоспары және әлемдік экономиканы қалпына келтіру» панельдік сессиясында қатысушылар Азия елдерінің тұрақты дамуы, Азия елдерінің экономикаларын интеграциялау мүмкіндіктері, COVID-19-ның өңірлік экономикаға әсері, қалпына келтіру жолдары және одан әрі экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Панельдік сессияда Сингапурдың Шанхайдағы Бас консулы Чуа Тенг Хо (Chua Teng Hoe); Джавахарлал университетіндегі Қытай зерттеулерінің профессоры Неру Срикант Кондапалли (Srikanth Kondapalli), Пекин кеңсесінің жапон-қытай экономикалық қауымдастығының басшысы Каваи Ген (Kawai Gen) өз ойларымен бөлісті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен осы панельдік сессияға қатыса отырып, «14-бесжылдық бағдарламаның жоспарларындағы Қытай дамуының экологиялық-экономикалық аспектілері» (the Environmental Dimension of China ' s 14th Five-year Program) тақырыбында баяндама жасады.

Өзгелердің жаңалығы