Еліміз келесі жылдан бастап мұнай экспорттау жолын кеңейтеді

10 Қараша 2022, 16:52
832
Бөлісу:
Еліміз келесі жылдан бастап мұнай экспорттау жолын кеңейтеді

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, елімізде мұнайды әртараптандыру бойынша арнайы жол картасы әзірленген. 

Бұл Ақтау порты арқылы Баку портына және ол жерден Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры бойынша өтетін бағыт болады, - деп атап өтті Премьер-министр Сенаттың кулуарында журналистерге берген сұхбатында. 

 Сонымен қатар ол отандық мұнай Баку-Супса және Баку-Батуми мұнай құбыры бойынша Баку порты арқылы тасымалданатынын жеткізді. 

Атап айтқанда, Баку-Тбилиси-Жейхан арқылы қазіргі таңда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағыт бойынша 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауға келісімшарт бар. Жөнелтімді әрі қарай 6-6,5 млн тоннаға дейін ұлғайту жүзеге асырылатын болады, - деді Әлихан Смайылов. 

Белгілі болғандай, «Теңізшевройл» компаниясы вагон-цистерналардың санын екі есеге көбейткен. Қазір Батуми мен Өзбекстан тарапына теміржол бойынша пилоттық жөнелтілімдер қолға алынды.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы Қазақстан азаматтығын алатындар қазақ тілінен емтихан тапсыруы мүмкін екендігі туралы айтқан болатын. Премьер тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу қаралып жатқанын, аталған нормалар Үкіметте келісу сатысында екендігін алға тартты.  

Өзгелердің жаңалығы