Еліміздің екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды

13 Сәуір 2020, 10:37
1348
Бөлісу:
Еліміздің екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынға байланысты 13-16 сәуір аралығында Кіші және Үлкен Алматы (2300 метр биіктігінен жоғары аумақта) өзендері алабында қар көшкіні түсуі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығуға болмайды. Тауға шыққанда абай болыңыздар - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Есіл өзенінің таситыны туралы ескертілді.

Өзгелердің жаңалығы