Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

26 Наурыз 2019, 11:07
1908
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде 26-29 наурыз аралығында су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті.

Жауын-шашынның көп болуына байланысты СҚО, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында қардың қарқынды еруі, еріген қар суының қалыптасуы, өзендердегі мұз жағдайының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі болжанады.

Сонымен қатар, 26 наурызда Қостанай қаласы мен Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ болып, тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде 23 м/с-ге дейін жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Өзгелердің жаңалығы