Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

13 Ақпан 2019, 22:14
1650
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК ауа температурасының жоғарылауына байланысты 4 өңірде ескерту жариялады.

Күннің жылынуына байланысты Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында 14-17 ақпан аралығында қардың еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, өзендерде мұз көбесінің сөгілуі және су деңгейінің көтерілуі мүмкін. 

Сондай-ақ 14 - 16 ақпан күндері Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағындағы тұсында күндіз ауа температурасының көтерілуіне  орай мұздың жібуі, су деңгейлерінің көтерілуі болжанады.

Бұдан бөлек, 14 ақпан күні Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы