Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

1 Қыркүйек 2019, 15:06
1242
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 2 қыркүйекте еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қостанай қаласы мен Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Түнде және тәңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 18 м/с дейін жетеді.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Дауыл соғып, бұршақ жауады. Батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%



Өзгелердің жаңалығы