Еліміздің бірінеше облысында тіркелген соңғы науқастар жайлы мәлімет

11 Мамыр 2020, 23:15
1387
Бөлісу:
Еліміздің бірінеше облысында тіркелген соңғы науқастар жайлы мәлімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы науқастар жайлы хабарлады.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының 1 тұрғынына COVID-19 диагнозы қойылды. Ол 1992 жылғы ер азамат, қауіпті індетті жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандықтан медициналық бақылауға алынған. Қазіргі таңда науқас облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды, науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде - делінген хабарламада.

11.05.2020 жылғы жағдай бойынша Ақтөбе облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 176 адам тіркелген.

Қостанай облысы Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді. 

Індетті жұқтырған 1964 жылғы, 1968 жылғы және 1995 жылғы үш әйел және 1999 жылғы ер адам. Барлығы мақсатты түрде эпидемиологиялық тексеру барысында анықталған, болжам бойынша науқастармен байланысқан.  ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша СOVID-19 диагнозы нақтыланды. Барлық жағдайларда да байланысқан тұлғалардың айналасы анықталуда, оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың толық көлемі өткізілді - делінген штаб мәліметінде.

11.05.2020 жылғы жағдайы бойынша Қостанай облысында СOVID-19 инфекциясымен 66 адам анықталды.

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.

Вирусты жұқтырған азаматша 1933 жылғы Қарағанды қаласының тұрғыны, пациент №1 көп бейінді қалалық ауруханада тіркелген. ЖРА диагнозы қойылғандықтан коронавирус инфекциясына күдіктің болуына байланысты 08.05.2020 ж. "ОЛИМП" клиникалық-диагностикалық зертханасы арқылы анализ алынған. ПТР-талдау нәтижесі бойынша пациентте COVID-19 анықталды - делінген хабарламада.

2020 жылғы 11 мамырдағы ахуал бойынша облыста вирус жұқтырған 197 адам анықталды, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 99 науқас жазылып шыққан 

Өзгелердің жаңалығы