Еліміздің 5 облысында дауылды ескерту жарияланды

5 Қазан 2020, 20:40
983
Бөлісу:
Еліміздің 5 облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 6 қазан күні ауа райына байланысты еліміздің 5 облысында дауылды ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с жетеді.

Петропавл қаласында күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-бытыстан соққан желдің күші кей жерінде 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күші күндіз кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл соғып, солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Шымкент қаласында солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын жел соғады. Екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерде 15-20 м/с болады. Күндіз өрт шығу қаупі өте жоғары.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.

Өзгелердің жаңалығы