«Елім дегендер» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады

1 Қазан 2023, 02:38
586
Бөлісу:
«Елім дегендер» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады
Фото: baq.kz

Өзге этнос өкілдері арасында өтетін «Елім дегендер» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтінімдерді 1 және 20 қазан аралығында арнайы поштаға жіберу керек. Аймақтық кезеңде бақтарын сынап, үздік деп танылғандар республикалық жарысқа жолдама алады. Додаға 14 пен 35 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатыса алады.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 4 млн теңге. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жобаның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру.

Өзгелердің жаңалығы