Елге заңсыз кірген шетелдік ұсталды
24 Мамыр, 13:50 448

Елге заңсыз кірген шетелдік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаштық полицейлер “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде елге заңсыз кірген шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Республика көлемінде “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы шара кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Оның Сарыағаштағы шекара бақылау бекетінің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіріп келгенін анықталды. 

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша тіркеуге алды. 

Яғни күдікті азамат Өзбекстан Республикасының шекарасынан өтіп, Қазақстан Республикасының Келес ауданы арқылы заңсыз кесіп өткен. Тексеру кезінде шетелдіктің туыстарын паналап, жұмыс істеу үшін келгені анықталды. 

Мигрант жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...