Елге ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді

14 Қыркүйек 2022, 14:58
745
Бөлісу:
Елге ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен бүгін елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасының әуе борты санаулы минут бұрын елорда әуежайына келіп қонды. 

Мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасының әуе борты санаулы минут бұрын елорда әуежайына келіп қонды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасын әуежайдан қарсы алды. Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеді. 

Белгілі болғандай, Ақорда сарайында өтетін кездесуде Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқыға салады. Келіссөздерден соң бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр. 

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Сүмбе трансшекаралық өзені туралы келісімге қол қойылған болатын. Бұл ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясында өткізілді. 

Өзгелердің жаңалығы