Елге оралған қандастарымызға қандай жағдай жасалады?

26 Қыркүйек 2022, 16:06
4660
Бөлісу:
Елге оралған қандастарымызға қандай жағдай жасалады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова  елімізге көшіп келетін қандастарға қандай жағдай жасалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер қандастарымыз осында келеміз дейтін болса, есігіміз әркез ашық. Ол бәріне белгілі. Бірақ қандастарымыз елге келген кезде жұмыс қарастырып отырмыз. Екіншіден, оларда баспаналы болу мүмкіншілігі болуы керек. Жұмыс орны жөнінде біздің комитетіміз қабылдайтын 7 өңірімізде арнаулы  бағдарлама жасап жатыр. Яғни, келген кезде азаматтар әр өңірдің өзіне сай мамандықтар мен салалары бар екенін білуі керек. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында көбіне ауыл шарушылығы бар, ол жерде қандай мамандықтар керек, қандай сала басым сол сияқты мемлекеттік мекемелерде дәрігерлер, педагогтарды да жұмысқа тарту қаралады. Сол себепті әрбір облыс желтоқсан айына дейін өзінің бағдарламасын жасап шығады, - деді министр орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте.

Сондай-ақ Дүйсенованың айтуынша, қандастарымызды қамтамасыз ету тек мемлекет тарапынан емес, жергілікті өңірлерде қарастырылады.

Екінші бауырларымыз елге оралғысы келетін болса, мамандығы сәйкес келіп тұрса, тұрғылықты жерінде тұрып-ақ арыз жаза алады. Оған қандас мәртебесін берілетін. Кейін елімізге келгеннен кейін жұмысқа тұруы керек. Сонымен бірге қолына сертификат береміз. Ол қандастарымыз 50 пайыз жеңілдікпен үй сатып алуға немесе Отбасы банкіне қаржысын құйып әрі қарай басқа да мүмкіндік ала алады, - дейді Тамара Дүйсенова. 

Өзгелердің жаңалығы