Елге ірі көлемде есірткі өткізбек болған шетел азаматы ұсталды

30 Мамыр 2023, 13:22
538
Бөлісу:
Елге ірі көлемде есірткі өткізбек болған шетел азаматы ұсталды
Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізу әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 мамырда ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізудің екі әрекетінің жолын кесті.

Жамбыл облысының «Ауқатты» өткізу пунктінде көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырып 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттарын (апиын – шамамен 24 кг, гашиш – 38,2 кг) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған шетел азаматы ұсталды, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу әрекеті кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Есірткі эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көліктен табылды. Аталған фактілер бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өзгелердің жаңалығы