Елеусінов: Өз елімнің астанасында чемпион болу бұйырсын

17 Желтоқсан 2021, 11:07
1267
Бөлісу:
Елеусінов: Өз елімнің астанасында чемпион болу бұйырсын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.

Отыз жылдық қарсаңында керемет шоу өткелі жатыр, барша ұйымдастырушыларға алғыс білдіргім келеді. Бәрі жоғары деңгейде өтеді деген сенімдемін. Боксшыларымызға тек сәттілік тілеймін. Жанкүйерлерге де қызықты болады деп ойлаймын. Титулдық кездесудің өз елімде өтіп жатқаны мен үшін үлкен мәртебе. 2013 жылы Алматы қаласында Әлем чемпионы атанған едім, енді астанада да чемпион болуды бұйырсын, - деді Данияр Елеусінов.

Спорт жанкүйерлері 18 желтоқсанда Данияр Елуесіновтің чемпиондық жекпе-жегін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Өзгелердің жаңалығы