Елена Рыбакинаның Australian Open турнирінде алатын сыйақысы белгілі болды

25 Қаңтар 2023, 21:15
915
Бөлісу:
Елена Рыбакинаның Australian Open турнирінде алатын сыйақысы белгілі болды

Қазақстандық теннисші күні кеше жартылай финалға шығып, біз үшін тарихи нәтиже тіркеген болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерлесіміз ширек финалда латвиялық Елена Остапенконы жеңді және осы арқылы 925 мың аустралиялық доллар көлемінде табыс тапты. Ұлттық валютаға шаққанда 300 миллион теңгеге жуықтайды. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Бұған қоса, Елена жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченкомен бірге өнер көрсетіп, іріктеу сынында жарысты аяқтады. Осы үшін қосымша тағы 70 мың аустралиялық доллар төленеді. Рыбакина өз сыйақысын еселеп арттыла алады.

 Яғни, алдағы кездесуде Беларусь өкілі Виктория Азаренконы жеңетін болса, 1 милион 625 мың доллар иемденеді. Ал, жарыс жеңімпазына арналған сыйақы 2 миллион 975 мың долларды құрайды. Мельбурн қаласындағы бәсеке 29-шы қаңтарға дейін жалғасады.

Жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Жарыстың аяқталуына аз қалды. Осы аралықта барлық күшімді жиып, сауатты және салмақты ойын өрнегін көрсетуге тырысам. Әрине, оңай болмайды. Өйткені жарыс жолында тек мықты теннисшілер қалды. Қай-қайсы да бас жүлдеден дәмелі, - деді Елена Рыбакина.

Өзгелердің жаңалығы