Елена Рыбакина Ролан Гаррос турниріне қатысатынын мәлімдеді

22 Мамыр 2023, 04:21
717
Бөлісу:
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турниріне қатысатынын мәлімдеді
Фото: turkystan.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанғаннан кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы дүйсенбіде WTA рейтингісінде төртінші орынға көтерілетін қазақстандық теннисші Франция астанасы Парижде өтетін Ролан Гаррос жарысына қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Рим мастерс додасының финалында Е.Рыбакина екінші сетте қарсыласы, украиналық Ангелина Калинина жарақатына байланысты бәсекені жалғастырудан бас тартқаннан кейін жеңіске жеткен еді.

Бәріңізге сәлем. Бүгінгі матчты бұлай аяқтағым келмеп еді. Ангелина тезірек сауығып, Франция ашық чемпионатына қатысады деп үміттенемін. Мені қолдағандардың бәріне ризашылығымды білдіремін. Биыл кезекті титулды жеңіп алғаныма бақыттымын. Парижде кездескенше, - деді Е.Рыбакина.

Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысы 22 мамырда басталады.

Өзгелердің жаңалығы