Елена Рыбакина «Ролан Гаррос 2023» турнирінен бас тартуға мәжбүр болды

3 Маусым 2023, 16:28
803
Бөлісу:
Елена Рыбакина «Ролан Гаррос 2023» турнирінен бас тартуға мәжбүр болды
Фото: ktf.kz

Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина «Ролан Гаррос 2023» турнирінен бас тарту туралы шешімінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше жағдайым нашар болды, дене температурам көтерілді. Бүгін де солай. Бұндай жағдайда ойнау өте қиын. 100% дайынмын деп айта алмаймын. Екінші айналымнан кейін мені дене ыстығы, бас ауруы, ұйқы қашу тәрізді белгілер маазалап келеді. Бұл - сәтсіздік болды. Енді келесі кезеңге дейін қалпыма келуге тырысамын, - деді Елена арнайы пресс-конференция барысында.

Еске салсақ, Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыққан болатын.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған чехиялық 16 жасар Бренда Фрухвиртовамен кездесті. Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте чехиялық спортшы брейкпен алға шыққанымен, Елена көпке ұзатпады. Содан кейін тағы бір брейкпен сетті тәмамдады – 6:4.

Өзгелердің жаңалығы