Елена Рыбакина Римдегі турнирді сенімді жеңіспен бастады

Спортшы Мария Саккариді екі сетте ұтып, Римдегі турнирдің келесі кезеңіне өтті.

 instagram/lenarybakina Бүгiн 2026, 11:45
Бүгiн 2026, 11:45
84
Фото: instagram/lenarybakina

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі алғашқы матчын сәтті өткізді. Ол Грекия өкілі Мария Саккарин жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында қазақстандық спортшы ойын тізгінін өз қолында ұстады. Алғашқы сетте Рыбакина сенімді ойын көрсетіп, 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда оның артықшылығы айқынырақ байқалды – қарсыласы тартысты ойын ұсына алмады. Матч 6:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, Елена Рыбакина екі сетте жеңіске жетіп, жарыстың келесі айналымына жолдама алды.

Теннис. WTA 1000 турнирі (Рим, Италия), екінші айналым:

Саккари – Рыбакина – 0:2 (4:6, 1:6)

1/16 финалда қазақстандық теннисші Филиппин өкілі Александра Эаламен кездеседі. Ол әлемдік рейтингте 42-орында тұр. Бұған дейін теннисшілер бір-бірімен ойнамаған.

Наверх