Елена Рыбакина мен Анна Данилина АҚШ-тағы "Мастерс" турнирін аяқтады

21 Тамыз 2022, 10:55
969
Бөлісу:
Елена Рыбакина мен Анна Данилина АҚШ-тағы "Мастерс" турнирін аяқтады

Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында америкалық Мэдисон Кизден 2:6, 4:6 есебімен жеңілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екінші партияда Рыбакина екі геймде қатарынан жеңіске жетті, бірақ матчта жеңілді.

Бұған дейін әлемнің 1-ракеткасын турнирден шығарған Киз 2-1 есебімен алға шықты.

"Мастерстің" жұптық сайысында Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге өнер көрсетіп, үш сетке созылған ширек финалда Елена Остапенко (Латвия) мен Людмила Киченоктан (Украина) жеңіліп қалды - 3:6, 6:3, 8:10.

Өзгелердің жаңалығы