Елена Рыбакина Live рейтингінде жоғарылады

5 Қыркүйек 2023, 08:21
556
Бөлісу:
Елена Рыбакина Live рейтингінде жоғарылады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA Live рейтингісінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нью-Йоркта өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымында әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула дүниежүзілік рейтингте 17-орында тұрған отандасы Мэдисон Киздан 1:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Өткен жылы осы «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына дейін жеткен Д.Пегула ұпайларын жоғалтты.

Қазіргі кезде Live рейтингте 5790 ұпаймен Елена Рыбакина үшінші орынға шықса, Д.Пегула (5755) төртінші сатыға сырғыды.

Өзгелердің жаңалығы