Елена Рыбакина келесі айналымға шықты

21 Ақпан 2023, 13:01
865
Бөлісу:
Елена Рыбакина келесі айналымға шықты

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубай қаласында басталған Duty Free Tennis турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Турнирдің тоғызыншы ракеткасы болып тіркелген Елена бірінші кездесуінде Бьянка Андреескуді (Канада) 1 сағат 29 минутқа созылған ойында 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Рыбакинаның келесі қарсыласы Мария Бозукова.

Айта кетейік, турнирге қатысып жатқан тағы бір теннисші Юлия Путинцева екінші айналымда ойнайды. Юлия чех теннисшісі Петра Квитовамен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы