Елена Рыбакина федерация сыйақысын алудан бас тартты

11 Шілде 2022, 15:46
1704
Бөлісу:
Елена Рыбакина федерация сыйақысын алудан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты. 

Бұл туралы федерация вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Айтуынша, федерация теннисшіні қаржылай қолдағысы келген. Алайда, ол бұдан бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа және Қазақстанның жас теннисшілерін қолдауға жұмсағысы келетінін жеткізді.

Федерацияға қазірдің өзінде өз балаларын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініш көптеп түсіп жатыр. Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынмен дамуына жол ашпақ, - деді Ю. Польский.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы