Елена Рыбакина Дубайдағы жарыста топ жарды

Елена Рыбакина Дубайдағы жарыста топ жарды
654

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өткен Әлемдік теннис лигасында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады. Биылғы «Уимблдон» жеңімпазы бұл жарыста да топ жарды. 

Еленаның бірінші қарсыласы Арина Соболенко болды. Әлемнің бесінші ракеткасы қазақстандық спортшыдан айласын асыра алмады. Отандасымыз жаһанның төртінші ракеткасы Каролин Гарсияны да қапы қалдырды. Ал ақтық ойында Елена WTA әлемдік рейтингі бойынша көш бастап тұрған Ига Свьонтекті ірі есеппен жеңді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы