Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде жеңіске жетті

21 Желтоқсан 2022, 14:40
806
Бөлісу:
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан World Tennis League командалық көрме турнирінде дүниежүзінің бесінші ракеткасы, Беларусь спортшысы Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елена Рыбакина Hawks командасында (Александр Зверев, Доминик Тим, Анастасия Павлюченкова), ал Арина Соболенко Falcons командасында (Новак Джокович, Григор Димитров, Паула Бадоса) өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші бұл кездесуде 0:6, 6:1, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Матч 56 минутқа созылды.

Өзгелердің жаңалығы