Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

16 Қаңтар 2023, 21:28
913
Бөлісу:
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды  BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 22-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті.

Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет ойнап, онда қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы да Елена Рыбакина 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Бір сағат 20 минутқа созылған матчта Елена 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен шектелді.

Е.Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, словениялық Кайя Йуван немесе рейтингте 185-сатыдағы франциялық Селена Яничиевичтің біреуімен таласады.

Өткен жылы Е.Рыбакина бастапқыда отандасы Зарина Диясты ұтқанымен, екінші айналымда жеңіліп қалған еді.

 

Өзгелердің жаңалығы