Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен бірге жаттықты

7 Тамыз 2022, 11:35
1237
Бөлісу:
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен бірге жаттықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтетін турнирге қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sports.kz cайты таратқан мәліметке сүйенсек, Уимблдон-2022 жеңімпазы әлемнің бірінші ракеткасы, биыл «Ролан Гарростың» чемпионы атанған поляк спортшысы Иго Свёнтекпен бірге жаттығу өткізді. 

Рыбакина Торонтадағы турнирде ертең, 8 тамыз күні ойынын бастайды. Осы турнирдің алдында WTA рейтингінде 23-орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ-тағы Сан-Хоседе өткен ойында сәтсіз өнер көрсеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы