Электрондық еңбек биржасында бос орындар жәрмеңкесі өтеді

7 Маусым 2023, 16:38
1246
Бөлісу:
Электрондық еңбек биржасында бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2023 жылғы 20 маусымда Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі-ЭЕБ) базасында Tanda.enbek.kz бөлімінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қолдауымен Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған жастарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәрмеңкеге қатысуға әртүрлі салалардан 25-тен астам жұмыс беруші өтінім берген. Олардың арасында «Қазпошта» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Center Beton Company» ЖШС, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «First Heartland Jusan Bank» АҚ, Астана қаласының полиция департаменті және тағы басқалар бар.

Tanda.enbek.kz-те жұмыс берушілер өз кәсіпорындары туралы қысқаша ақпаратты, сондай-ақ бос орындар туралы мәліметті орналастырады.

20 маусымда, яғни онлайн-жәрмеңке өтетін күні жұмыс іздеушілер қолжетімді бос жұмыс орындарын көретін болады, түйіндемелерін әлеуетті жұмыс берушілерге жіберіп, компаниялардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, сондай-ақ оларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюмен қатар әңгімелесуге шақырлады.

Жұмыс берушілер өз кезегінде талабына сай келетін кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады.

Онлайн-жәрмеңкеге қатысу үшін үміткерлер жәрмеңке өтетін www.tanda.enbek.kz сайтына кіріп, тіркеуден өтуі және жеке кабинетте өзекті түйіндемесін дайындауы керек.

Алдағы уақытта Tanda.enbek.kz-те еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты негізде онлайн бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге тіркелу жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін ашық.

Барлық ниет білдірушілерді бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне белсенді қатысуға шақырамыз!

Өзгелердің жаңалығы