Электронды қызмет өтініш беріп, оның нәтижесін алумен шектелген – Жазықбаев

28 Шілде 2022, 12:55
1374
Бөлісу:
Электронды қызмет өтініш беріп, оның нәтижесін алумен шектелген – Жазықбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде отырыс өтті.

Алқалы жиында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жаңалышылдық пен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері пысықталды.

Агенттік Төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне жауапты мемлекеттік органдардың назарын аударды.

Жылдан жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласы, оның сапасы мен қолжетімділігі азаматтардың жеке тәжірибесінің арқасында мемлекеттік аппаратқа қатысты сенімін қалыптастыратын құралға айналып келеді. Біздің басты мақсатымыз – цифрландыру. Дегенмен, мұндағы үрдіс оңтайлы жолға қойылмай отыр. Бүгінгі күні адамдардың қатысуынсыз атқарылатын электронды қызметтердің үлесі 4% пайызға ғана. Қалған қызметтерді электронды нысанда тек өтінішті беру не оның нәтижесін алумен ғана шектеліп отыр. Ал бүкіл  ішкі процестер қызметшілермен іске асып келеді. Биыл жартыжылдықта 74,3 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның басым бөлігі 73,3 млн (98,6%) электронды нысанда, -деді Дархан Жазықбаев.

Спикердің айтуынша, қызмет алушылардан келетін шағымдар азаяр емес.

Дәл қазірдің өзінде қаралып жатқан шағымдар саны 100-ден асады, – деді Агенттік төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы