Электромобильдерді қауіпсіз пайдалану саласындағы жаңа талаптар

2 Мамыр 2024, 21:24
287
Бөлісу:
Электромобильдерді қауіпсіз пайдалану саласындағы жаңа талаптар
PHOTO
Фото: ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті

Қазіргі уақытта елде экологиялық таза көлік танымал бола бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің мәлімдеуінше, бұл жағдай көліктің осы түрін қауіпсіз пайдалануды белгілейтін арнайы нормаларды әзірлеуді талап етіп отыр.

Осыған байланысты, ТЖМ өз құзыреті шеңберінде электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын қауіпсіз пайдалану мен орналастыруды реттеу үшін зерттелген халықаралық тәжірибе негізінде (АҚШ, Канада, Мексика, Нидерланды, Швейцария, Германия, Ұлыбритания, Финляндия және Ресей) электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыруға қойылатын талаптарды белгілейтін ұсыныстар қалыптастырып оларды одан әрі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге енгізу үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атына жолдады.

Электромобильдерді қауіпсіз пайдалану саласындағы жаңа талаптар

ТЖМ ұсынған іс-шаралардың нәтижелері бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру бөлігінде мемлекеттік нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді (ҚК ӨҚМ 19.04.2024 ж. №68-нқ бұйрығы).

Анықтама: электромобильдерге арналған негізгі талаптар

- электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру орындары анықталды;

- бір өрт бөлігі шегінде орналастырылатын электромобильдер санын шектеу (1200 м2. 10 орыннан артық емес);

- зарядтау станцияларының түрлері мен қуаттары анықталды;

- зарядтау станцияларын орнату кезінде жобалық құжаттаманы әзірлеу қажеттілігі анықталды;

- зарядтау станцияларын өрт сөндіру жүйесімен жабдықтау қажеттілігі.

 

Электромобильдерді қауіпсіз пайдалану саласындағы жаңа талаптар

Өз кезегінде ТЖМ электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру кезінде Мемлекеттік нормативтердің жаңадан қабылданған талаптарын сақтау қажеттілігі бөлігінде «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын дайындады. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы аккредиттелген ұйымдармен келісу рәсімінен өтуде.

Өзгелердің жаңалығы