Елдос Сметов наурыз айының үздік спортшысы атанды

8 Сәуір 2021, 16:08
1761
Бөлісу:
Елдос Сметов наурыз айының үздік спортшысы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында айдың үздік спортшысына дауыс беру аяқталды. 

Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Елдос Сметов үздік атанды. 

Наурыз айының үздік спортшысы атануға барлығы он атлет үміткер болды: Елдос Сметов (дзюдо), Жансай Смағұлов (дзюдо), Юлия Галышева (фристайл-могул), Павел Колмаков (фристайл-могул), Анастасия Городко (фристайл-могул), Жанбота Алдабергенова (фристайл-акробатика), Софья Берульцева (каратэ), Анастасия Лаврова (үстел теннисі), Эльмир Алимжанов (фехтование), стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы. 

Дауыс беру бүгін, 8 сәуір күні сағат 13:00-де аяқталды. Нәтижесінде Елдос Сметов 67,51 пайызбен топ жарды. Юлия Галышева екінші орыннан көрінсе, Анастасия Лаврова үздік үштікті қорытындылады. 

Өзгелердің жаңалығы