Елдос Сметов Ақтаудағы жас дзюдошыларға шеберлік сабағын өткізді 

29 Шілде 2019, 19:11
1927
Бөлісу:
Елдос Сметов Ақтаудағы жас дзюдошыларға шеберлік сабағын өткізді  

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2015 жылғы әлем чемпионы Елдос Сметов Ақтаудағы жас дзюдошылармен шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Сметов Ақтау қаласына белгілі жаттықтырушы Әділ Бисенқұловтың шақыртуымен барған. 

"Шеберлік сабағы өте керемет өтті. Өйткені, мұндағы жастардың дзюдоға деген қызығушылықтары өте жоғары екен. Бұған көзім анық жетті. Жас спортшылар әр сөзімді мұқият тыңдап, әрбір әдісті меңгеріп алуға тырысты. Елімізде болашақ чемпиондардың өсіп келе жатқаны қуантады. Мені бар зейінімен тыңдап, дзюдоға жан-тәнімен берілген балғын спортшыларға бар білгенімді айтып, тәжірибеммен бөлісіп қайттым", - дейді Сметов.

Айта кетелік, Елдос Сметов Будапештте өткен Гран-при турнирінде топ жарып, олимпиадалық рейтингте 5-орынға көтерілді. 
Өзгелердің жаңалығы