Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек – Тоқаев

17 Ақпан 2022, 22:07
1201
Бөлісу:
Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында жауап берді.   

«Жұртымыздың қандай жақсы қасиеттерді бойға сіңіргенін қалар едіңіз?» деп сұрады тілші сұхбат барысында.  

Бұл – өте маңызды мәселе, сондықтан қайталап айтайын. Біз қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз керек. Турасын айтайық, бұл қазір ең өзекті мәселе болып тұр. Азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең басты орынға қоюы қажет. Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ол, ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты. Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек. Біздің жастарымыз осыны айқын ұғынса деймін, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ ұлы Абайдың фәлсафасынан мысал келтірді. 

Елімізде белгілі теріс факторларға қарамастан, тиімді, пайдалы жұмыс атқаратын мүмкіндіктер аз емес. Жақсы мен жаман туралы ұлы Абайдан асырып ешкім айта алмас. Сондай-ақ ойшыл ақынның «талап, еңбек, терең ой, қанағат және рақым» деген даналығының да мәні зор. Бұл қағида бізге, әсіресе осы заманда ауадай қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы