Елдегі зорлық-зомбылықпен күресудің қолданыстағы әдістері тиімсіз – депутат

20 Желтоқсан 2019, 16:50
2428
Бөлісу:
Елдегі зорлық-зомбылықпен күресудің қолданыстағы әдістері тиімсіз – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арада 10 жыл өтсе біз отбасындағы зорлық-зомбылықты төмендетудің оң динамикасын байқамай отырмыз дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова. Бұл туралы халық қалаулысы бүгін Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты. 

Отырыста Парламент депутаттары бастамашылық еткен "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланды.

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес қоғамдастық өкілдері бар ұсыныстарын ортаға салды. 

Отбасылық және тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың жай-күйін талдауға жүргізілген анализ еліміздегі зорлық-зомбылықпен күресудің қолданыстағы құқықтық құралдары тиімді емес екендігін көрсетті. "ҚР Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы" Заңы қабылданғаннан кейін 10 жыл өтсе біз отбасындағы зорлық-зомбылықты төмендетудің оң динамикасын байқамай отырмыз, - деп мәлімдеді Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова. 

Депутат Отбасылық және гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында әрбір үшінші қазақстандық отбасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа кезігетіні, ал үйде отырған балалардың 57%-ы өздерін қауіпсіз сезінбейтіндігі айтылған дейді.

Унжаковның айтуынша, мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Жолдауында Қазақстан азаматтарының саяси күн тәртібінде зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығын қорғауға үндеу тастағаны кездейсоқ емес.

Президент жүктеген тапсырманы орындау мақсатында жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, балаларға қарсы қылмыстар (15-тармақ) және әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жазаны күшейту туралы нұсқауларын орындау үшін (16-тармақ), сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында толықтырулар енгізілді. Оның саны "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы" Заң нормаларының 50%-ынан асып кетті, - дейді спикер.

Парламент депутаты Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және экологиялық салдарға әкеп соқтырмайды деген сенімін білдіріп отыр. 

Тағы бір маңызды жәйт, Заң жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындар талап етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы