Елдегі жүк транзиті 35% артты

12 Сәуір 2023, 19:15
955
Бөлісу:
Елдегі жүк транзиті 35% артты
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Қазақстан темір жолы арқылы жүк транзиті 35% артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың бірінші тоқсанында жүктерді транзиттік тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес көрсеткішіне қарағанда 35% ұлғайды және 7, 2 млн тоннаны құраса, оның ішінде контейнерлік тасымал өсімі 19% артып, 313 мың ЖФЭ-ге жетті, - делінген компания таратқан хабарламада.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк ағынын ұлғайту және контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Компанияның Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту бойынша қабылдаған шаралары 2022 жылы елдің транзиттегі тарихи максимумы 23,2 млн тоннаға қол жеткізуге және контейнерлік транзиттің рекордтық көрсеткіші 1 129 мың ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік берді.

2023 жылы осы көрсеткіштердің оң қарқыны сақталып отыр.

Өзгелердің жаңалығы