Елдегі су қорының 40 пайызға жуығы көрші мемлекеттерден келеді - Бауыржан Баглай

1 Қыркүйек 2023, 15:37
1183
Бөлісу:
Елдегі су қорының 40 пайызға жуығы көрші мемлекеттерден келеді - Бауыржан Баглай
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Бұл пікірді Президент жанындағы Мемлекеттік басқару акдемиясы Дипломатия институтының асситенті Бауыржан Баглай айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлемдік тәжірибеде «water governance» ұғымы мемлекет тарапынан су ресурсын жүйелі басқару мен тиімді падалануды көздейді. 

Қазақстанға Орталық Азиядағы су ресурстарының 18 пайыздан астамы ғана тиесілі екені мәлім, сәйкесінше еліміздегі су қорының 40 пайызға жуығы көрші мемлекеттерден келеді. Бұл өз кезегінде, су – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі тармағы ретінде күн тәртібіне еніп отыр.

Бұл салаға арнайы мән беріп, жеке министрлік ретінде құру уақытылы қабылданған шешім. Жаңадан құрылатын  Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су саясатын ілгерлететін, су инфроқұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар беріп, оның орындалуына жауапты болуы қажет. Сонымен қатар өз құзыреттілігі шеңберінде трансшекаралық су ресурстары бойынша келіссөздер мен талқылауларда мемлекеттік мүддені қорғауда басымдыққа ие болмақ. Сондай-ақ салалық ведомства ретінде су мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдар мен өзге де мүдделі тараптармен байланысты жаңа деңгейге көтеруге, сол арқылы елімізге суды тиімді пайдалану бойынша жаңа технологиялар енгізуге мүмкіндік тумақ, - деді ол.

​Ол Орталық Азия өңірінің ауылшаруашылығының 75 пайызы суармалы, әрі еліміздің төменгі ағыста орналасуы су ресурсы бойынша көрші елдермен тиімді әрі жүйелі байланыс орнату, достық пен серіктестікке негізделген «су дипломатиясын» жүргізуді қажет етеді. Осы ретте, аталған ведомства өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет етуі тиіс екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы