Елдегі әскери қоймалар жаппай тексеріледі

1 Қыркүйек 2021, 07:28
1234
Бөлісу:
Елдегі әскери қоймалар жаппай тексеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде ұлттық армияның барлық объектісіндегі, бүкіл қоймасындағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексеретін арнайы комиссия құрылды. Экс-министр Нұрлан Ермекбаевтың соңғы бұйрығы осыны қарастырады. Оған сәйкес, комиссияға Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы, генерал-лейтенант Әмір Халықов басшылық етпек, деп жазды aikyn.kz.

Бұл шешім Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты қабылданды. Қорғаныс министрлігі өрт салдарын жою жұмыстарын ұйымдастырып, оқиғаның туындау себептері мен мән-жайын тал­дады. Қорғаныс министрлігі Арыста болған өрттен кейін мұндай оқиғаларды болдырмау үшін кешенді шаралар қа­былдаған екен. Сондай-ақ Қарулы Күштерде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдіру бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылып, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде алғаш рет оқ-дәрілерге толық түгендеу жүргізілді және екі сақтау базасының құрылысы ұйымдастырылды.
Қабылданған шараларға қарамастан, бірқатар тапсырманың өз деңгейінде орындалмауы Жамбыл облысындағы оқиғаның себебіне айналуы мүмкін. Оқиғаның шынайы себептері мен кінәлілерді тергеу жұмыстары анықтауы тиіс, – деп түсіндірді ведомство.

Оқ-дәрілерді сақтау объектілері ре­жимдік екенін ескеріп, комиссия жұмысына кеңесшілер ретінде тәуелсіз және білікті сарапшыларды, оның ішінде Қарулы Күштердің ардагерлерін тарту тапсырылды.

Комиссия оқ-дәрілердің сақтау жағ­дайына объективті баға беріп, барлық кемшіліктерді анықтауға және оларды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдас­тыруға ықпал етеді.


Өзгелердің жаңалығы