Елде жер игерудің жаңа түрі пайда болуы мүмкін

6 Қазан 2022, 12:03
1143
Бөлісу:
Елде жер игерудің жаңа түрі пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жер игерудің жаң түрі пайда болуы мүмкін, деп хабарлады BAQ.KZ.

«Хабар24» жазуынша, климат өзгерістеріне қатысты халықаралық конференция қатысушылары біздің елде карбон егіншілігін дамыту туралы сөз қозғады.

Бұл технологияның арқасында көміртекті атмосферадан өсімдіктер мен топыраққа ауыстыруға болады. Яғни ол ауа райының күрт өзгерістеріне тосқауыл қояды. Нәтижесінде көмірқышқыл газының қалдықтары айтарлықтай азаяды. Сала мамандарының айтуынша, Қазақстан аумағында карбон егіншілігімен айналысуға мүмкіндік көп. 

Карбон егіншілігіне сұраныс жоғары болғандықтан шаруалар бұл нарықта қомақты қаражат таба алады. Бірақ мұндай бизнесті дамытуға көп уақыт кетеді. Соны ескерген жөн. Кейін жұмыс жүйесі реттелгенде шаруалар өз өнімін әлемнің түкпір-түкпіріне сатады. Әсіресе Азия елдері карбон технологияларына жоғары қызығушылық тантып отыр. Өйткені мұндай жобалар жалпы энергетика саласын өзгертуге қауқарлы, - деді ЖЭМ Технологиялар трансфері орталығы директорының орынбасары Роман Куликов.

Өзгелердің жаңалығы