Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.
Әскерлердің жауынгерлік даярлығы жүйесінде кейбір тәсілді қайта қарау қарастырылып жатыр. Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарды талдау, жедел өнер мен тактика саласындағы жаңа көзқарастар негізінде әскерлерді қолданудың нысандары мен әдістеріне жаңа элементтер енгізілуде. Оларды апробациялау жаттығулардың әртүрлі түрлері бойынша жүргізіледі, - деді Қамалетдинов.
Ол атағандай, дағдарыс жағдайларында күш құрылымдары арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының бірыңғай алгоритмі әзірленді, Қарулы Күштерді қолданудың нақты ерекшеліктері айқындалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, аумақтық әскерлерді құру бойынша тәсілдер қарастырылып жатыр. Дағдарыс жағдайындағы олардың басты міндеті – маңызды мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл тәсіл жауынгерлік бөлімшелердің жеке құрамын тапсырмаларды мақсатты түрде орындау үшін босатады, - деді ол.
Қамалетденов атағандай, заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес заңнамаға резервтік қызметті енгізуді көздейтін түзетулер дайындалуда.
Азаматтар негізгі жұмыстарды біріктіре отырып, ерікті негізде әскери қызметтен өтеді деп болжанып отыр. Запастағы жауынгерлерді оқыту тұрғылықты жері бойынша жылына екі айдан аспайтын мерзімде өткізіледі. 30 күндік жарна орташа жалақымен, екі күндік сабақтар – ең төменгі жалақы көлемінде төленеді. Ол республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, - деді ол.