Елде қымыз өндірісі азайды

5 Қаңтар 2023, 18:53
802
Бөлісу:
Елде қымыз өндірісі азайды

Қазақстанда қымыз өндірісі азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 9,2%-ға төмендеген.

Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-қараша аралығында 1 520 тонна қымыз өндірілді, ал 2021 жылдың тиісті кезеңінде көрсеткіш 154 тоннаға артық болған.

Бұл ретте шұбат өндірісі 7,8%-ға артты. Мәселен, өткен жылдың 11 айында түйе сүтін өндірушілер 2 644 тонна шұбат алды – бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 191 тоннаға артық.

Өзгелердің жаңалығы