Елде қанша үй сатылды

10 Қаңтар 2024, 19:00
610
Бөлісу:
Елде қанша үй сатылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Желтоқсан тамыз айынан кейінгі тұрғын үйді сатып алып-сату бойынша көп мәміле тіркелген екінші ай болды – 37 818 мәміле, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 238 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 29 580 мәміле жасалды.

2023 жылдың қарашасымен салыстырғанда (31 727) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 19,2% көбейді. Мәмілелер саны бойынша бұрынғысынша Алматы (7594 – 20,1%) және Астана (7157 – 18,9%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2946 – 7,8%) көш бастап тұр.

2023 жылдың желтоқсанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 2022 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12,6%-ға көбейген, ол кезде 33 587 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Ақтөбе облысында (15,3%) тіркелді, ал Алматы облысында ұлғаюдың ең жоғары көрсеткіші (62,3%).

Өзгелердің жаңалығы